Практикалық жұмыстар

Бұл материалдар «Журналистика және репортерлік іс» білім беру бағдарламасы аясында жасалған

IT News жаңалықтар
топтамасы

«IT News» – студенттік өмір мен университет ішіндегі және сыртындағы эксклюзивті оқиғаларды қамтитын ақпараттық бағдарлама. Бағдарлама «ТВ жаңалықтар: шеберхана» пәні аясында түсіріледі. Мұнда студенттер тілші, диктор, продюсер ретінде түсіру, өңдеу, мәтін жазу және камера алдында сөйлеу өнерін меңгереді. «IT News» – бұл IT университетінің әлем жаңалықтары форматында ұсынылған студенттердің дарындылығы, шығармашылығы және кәсіби шеберлігінің синтезі.

Авторлық бағдарламалар

Мұнда студенттер көрермендер үшін пайдалы контент жасай отырып, шығармашылық ой-өрісін дамытады. Ағымдағы оқиғаларды талдау, сыни тұрғыдан ойлау, фактілерді таңдау, түсірілім мен монтажға үйрену арқылы өзіндік стилін қалыптастырады. Болашақ журналистика жұлдыздары жасаған құнды әрі тартымды бағдарламалармен танысыңыз!

IT университетінің журналы - MAG'n'IT

MAG’n’IT журналында заманауи университет өмірі жаңа технологиялар мен шығармашылықтың бірігуі арқылы пайымдалған. Әлеуметтік оқиғалардан бастап қалалық мәселелер, гаджеттер мен мәдениетке дейінгі ақпаратты журнал бетінен табуға болады. Студентттер журналға сәнді дизайн мен бірегей материалдар жасау арқылы шығармашылық әлеуетін дамытуда. 

IT FM - көңіл-күй радиосы

«IT FM — көңіл-күй радиосы!» — Халықаралық IT университетінде әр үзілісте естілетін сөз тіркесі. 
IT университетінде радиокабина әрдайым студенттер жасаған жаңалықтар топтамасы, практикалық тапсырмалар мен хабарландырулар тарату үшін пайдаланылады.

Мың бір сөз: мақалалар мен басылымдар жинағы

Мұнда журналистика кафедрасының студенттері мен оқытушыларының мақалалары мен жарияланымдары жинақталған. Авторларымыздың дарыны мен кәсібилігін көрсететін әртүрлі материалдарды оқи отырыңыз.

Материалыңызды жариялау үшін пішінді толтырыңыз

Загрузка…

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР