IITU журналистикасына
қош келдіңіз

Мұнда сіз Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіндегі «Медиакоммуникация және Қазақстан Тарихы» кафедра студенттерінің жұмысымен жақын танысасыз

«Медиакоммуникация және Қазақстан тарихы» кафедрасы

«Медиакоммуникация және Қазақстан тарихы» кафедрасы конвергентті платформа жағдайында жұмыс істей алатын мультимедиялық технологияларды пайдалана отырып, Цифрлық БАҚ-та журналистер мен медиа индустрия мамандарын даярлайтын Қазақстандағы жалғыз кафедра.


Іскерлік журналистика, SMM & PR

Бұл бағытта сіз Интернет кеңістігін бизнес орта ретінде қолданып, медиа-технологияларды оқу негізінде өзіңіздің немесе компания брендін жасап, оның беделін арттыруды үйренесіз.


Цифрлық журналистика

Бағдарлама журналистика мен цифрлық технология әлемін біріктіргісі келетін студенттерге бірегей мүмкіндіктер ұсынады. Цифрлық платформалар журналистің кәсіби қызметінің ажырамас бөлігіне айналуда. Сол себепті бағдарлама медиаиндустрияға қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып әзірленген.


Халықаралық журналистика және интернет қауіпсіздік

Бұл заманауи журналистерді дайындайтын бірегей бағыт тек ХАТУ-да оқытылады. Түлектер халықаралық қатынас пен терроризм жайлы оқып, интернеттегі қауіпсіздікті сақтау, құру жолдарын үйренеді.


Телерадиожурналистика

Бағдарлама түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеп, цифрлы технологиялар арқылы оны өңдеу, тарату және телеарна, радио журналистикасының қырсырын үйретеді.

«Атамекен» рейтингі бойынша Қазақстан Республикасы ЖОО арасында ХАТУ журналистикасы бірінші орынға ілікті.
ХАТУ Польшадағы А.Мицкевич атындағы университетпен қос диплом жайлы келісімге қол қойды.
Ұлағатты ұстазымыз Шынар Ыдырышқызы «31 арнаның» мерейтойлық шығарылымында қонақ болды
ХАТУ «Журналистика және ақпарат даярлау» бағыты бойынша Республикалық XIV пән олимпиадасынан жүлделі II-ші орынды иеленді
Журналистика студенттері «IT FEST 2022» фестивалінде «Кино және видео» секциясы бойынша жүлделі орындарға ие болды.
«Іскерлік журналистика» мамандығының 2 курс студенттері Болатова Д. және Нарбекова З. ТМД-ның үздік жас журналистер қатарына кірді.

Қосымша ақпарат

Instagram

Журналистика кафедрасының Instagram парақшасына тіркеліп жаңалықтардан хабардар болыңыз

ОҚЫТУШЫЛАР

Кафедраның профессорлары мен оқытушылары

Мекенжай

ХАТУ журналистикасымен жақын танысыңыз

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР